RU
8 жасында жоғалтып алған ұлымен 20 жылдан кейін қауышқан ана көз жасын тыя алмады (видео)

8 жасында жоғалтып алған ұлымен 20 жылдан кейін қауышқан ана көз жасын тыя алмады (видео)

Рассказать Вконтакте

Тамархан Кенжеханқызы 20 жыл бұрын сегіз жасар ұлынан тірідей айырылып қалған. Бірнеше жылдан бері бауыр етін іздеп жүрген ол "Жди меня" бағдарламасы арқылы ұлын тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Тамархан Кенжеханқызы мен оның жоғалған ұлы, қазіргі Омбыдағы Росгвардия офицері Әлішер Кинджихановтың кездесуі "Жди меня" бағдарламасының студиясында өткен.

Тамархан Кенжеханқызы Әлішердің әкесі Маратпен 1985 жылы танысқан. Белгілі бір себептермен аяғы ауыр болса да айырылысып кетеді. Сөйтіп ол Сергей есімді азаматпен танысып, Омбы облысына баласымен бірге ақша табу үшін аттанады.

Алғашқы ақыларын алған соң Тамархан құжаттарын алып, туыстарын көру үшін Қазақстанға оралады. Ал 8 жасар ұлын Сергейге сенгендіктен, онымен бірге қалдырып кетеді.

Омбыға қайта келген әйел ұлын да, күйеуін де таппай қалады. Сөйтіп ол бірден полицияға арыз түсірген. Алайда іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермепті.

Ал осы сәтте Сергей Әлішерді алып Новсибирскке көшіп кетеді. Алдымен олар вокзалды паналаған, артынша жалдамалы пәтерлерде тұрған. Алайда күндердің бір күнінде Сергей Әлішерді тастап кетіп қалады.

Осылайша ол балалар үйінен бір-ақ шығып, сонда ер жетеді. Әлішердің айтуынша, оны 12 жасында біреулер асырап алғысы келген. Алайда ата-анасының тірі екеніне сенген ол асырап алушылардан бас тартқан.

Бағдарлама барысында Тамархан мен Әлішерге ДНҚ сараптамасы жасалып, олардың туыстығы 99,9 пайыз расталған.

Сөйтіп, бір-бірін іздеген ана мен бала бағдарлама барысында табысып, қауышқан сәтте көз жастарын тыя алмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel