RU
Баласын көтеріп алып, көшеде ролик тепкен әкенің әрекеті көптің шамына тиді (фото)

Баласын көтеріп алып, көшеде ролик тепкен әкенің әрекеті көптің шамына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Париж көшелерінде аяғына ролик киіп, баласын көтеріп жүрген әке көптің ашуын туғызды. Желідегілер оны "жауапсыз әке" ретінде қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su порталына сілтеме жасап.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Әлеуметтік желіде пайда болған кадрлардан белгісіз ер адамның жолда ролик теуіп жүргені байқалады. Ең қорқыныштысы ол жалғыз емес, қолында баласы бар. Осылайша ол серуендемек болған екен.

Әкенің бұл әрекетін көрген куәгерлер таңқалып, тіпті қатты қорыққандар да табылған.

Адамдардың көпшілігі әкені жауапсыз адамға теңеген.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Еске сала кетсек, Ресей астанасы Мәскеуде бір әйел сегіз баласын пәтерде бірнеше күнге тастап кеткен соң, келіншектің басы дауға қалған еді.

Тергеу комитетінің өкілі 18 қарашада жедел жәрдем бригадасының Мәскеудің оңтүстік-батысындағы бір бөлмелі пәтерде суық тиюдің түрлі белгілері бар бір жарым жастан сегіз жасқа дейінгі балаларды тапқанын хабарлаған.

Олардың аналары бірнеше күн бойы үйге келмеген болып шыққан.

Тергеушілердің айтуынша, балалар 1956 жылғы әжейдің қарауында қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel