RU
Швейцария президенті Қазақстанға келмек

Швейцария президенті Қазақстанға келмек

Рассказать Вконтакте

Швейцария президенті Ули Маурер Қазақстанға жоспарланған ресми сапармен келеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Берік Уәлидің мәліметінше, 21-22 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Швейцария Конфедерациясының президенті – қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді.

Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.

22 қарашада көшбасшылар "Ақорда" резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар сапар аясында Ули Маурер Қазақстан үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін "дөңгелек үстелде" сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel