RU
Қара нәсілді қыздың қасында отырудан бас тартқан жолаушы елдің ашуына тиді

Қара нәсілді қыздың қасында отырудан бас тартқан жолаушы елдің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Ұшақта қара нәсілді жасөспірім қыздың қасына отырудан бас тартқан ер адамды басқа орынға ауыстырды. Бұл туралы оқиғаның қатысушысы – 16 жастағы Тэйлор Ричардсон өзінің Twitter парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Жасөспірімнің айтуынша, оқиға United Airlines әуе компаниясының Денвер қаласынан Джексонвилл қаласы бағыт алған рейсінде болған.

Оның сөзінше, көршісі нәсілдік айырмашылығына байланысты оның қасында отырудан бас тартыпты.

Сөйтіп, әуе кемесінің бортсерігі оны басқа орынға ауыстырған.

Ер адамның бұл әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олардың біреуі әуе компаниясының бұл жағдайда қызды бизнесс-класстағы орынға ауыстыруы тиіс болғанын жазды.

Алайда, Ричардсон бизнесс-класста бос орын болмағанын атап өтті. Ол қайта жанындағы орынның бос болғанына қуанғанын жеткізді.

Кейіннен әуе компаниясы жасөспірімге орын алған жағдайға байланысты кешірім сұрап, хат жолдаған.

"Болған жағдайға байланысты шынайы өкініш білдіреміз. Әуе сапары кезінде клиенттеріміздің қандай да бір қолайсыздыққа тап болғанын қаламаймыз. Түсіністікпен қарағаныңызды жоғары бағалаймыз. Әрдайым жолаушыларымыздың жақсы әсерде қалғанын қалаймыз, және бұндай жағдайға немқұрайлы қарамайтынымызды білдіргіміз келеді", – деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel