Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің лизинг нарығында «ҚазАгроҚаржы» компаниясының үлесі 90 пайызды құрайды

Опубликовано:

«ҚазАгроҚаржы» компаниясы өзінің 20 жыл қызметі ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарығында берік тұрақтанды және әлі де болса дамып келеді.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің лизинг нарығында «ҚазАгроҚаржы» компаниясының үлесі 90 пайызды құрайды
Фото: "ҚазАгроҚаржы" АҚ: Facebook

Бүгінгі күні «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің түкпір-түкпіріндегі 7.5 мыңнан астам шаруашылық субъектілеріне ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға көмегін көрсетті. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін 14 филиалы бар ауқымды өңірлік желі ұйымдастырылған. Компанияның несие қоржыны 277,3 млрд. теңгені құрайды.

Ұйымды алға жылжытудың 2017-2026 жылдарға арналған жоспарлары үш стратегиялық бағытты көздейді.

Компанияның негізгі бағыты ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жәрдемдесу екені сөзсіз. 2019 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен жалпы сомасы 86,3 млрд. теңгеге 2000-нан астам қаржы лизингі шарты жасалды. «ҚазАгроҚаржы» фермерлерге қазақстандық және шетелдік өндірушілердің тракторларын, егіс кешендерін және басқа да техникаларын жеткізеді.

2000 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде фермерлерге 10 млн. га егістік жерді өңдейтін 48 мың бірлік техника берілді.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін алты арнайы қаржыландыру бағдарламасы әзірленді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын төмен мөлшерлемемен, табысты растамай, алғытөлемсіз лизинг ресімдеу мүмкіндігі бар, жеке өзінің мал азығын өндіру бағыты ерекше назар аударуға тұрарлық.

Лизингтік қызметтердің тұрақты жетілуі мен дамуының айғағы - компания клиенттерінің қанағаттанушылық деңгейі. Соңғы жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес ол деңгей 74,3% құрайды. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының алдында қазіргі клиенттерінің бейілділігін арттыру және жаңа клиенттерді тарту мақсаты тұр. Бұл тұтынушылардың санын 2026 жылға қарай 1,5 есе арттыруға мүмкіндік беретін болады.

Сонымен қатар, компания инвестициялық тартымдылықты арттыру сияқты қызмет бағыты да даму үстінде. Тәуекелдің қауіпсіз деңгейін сақтай отырып, қызмет табыстылығын арттыру жолында, «ҚазАгроҚаржы»-ның ұзақ мерзімді акционерлік құнын ұлғайту мәселесі жоспарда тұр.

2000-2019 жылдар аралығында жалпы сомасы 263,3 млрд. теңгені құрайтын 469 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.

Жалпы, еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне 785,4 млрд. теңге инвестиция салынды, оның 30% - мемлекеттік қаражат, 70% - бюджеттен тыс қаражат.

«ҚазАгроҚаржы»-ның инвестициялық жобаларының ішінде репродукторлар, суару жүйелері, көкөніс қоймалары, жем-шөп өндірісі, жылыжайлар, құс фабрикалары, бақтар, балық аулау кешендері және т.б. бар.

Компания қызметін дамытудың үшінші бағыты — бұл корпоративтік қызметті дамыту. Бүгінгі таңда корпоративтік даму деңгейі 85%-ға іске асырылған.

«ҚазАгроҚаржы» жүйені жетілдіруді және 2026 жылға қарай корпоративтік басқару рейтингін 91,5%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827897-kazakstan-agronerksip-kesenini-lizing-narygynda-kazagrokarzy-kompaniasyny-lesi-90-pajyzdy-krajdy/

pixel