Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жылдан бері топырақ жейтін ер адам әлемді таңырқатты (видео)

Опубликовано:

Үндістан тұрғыны 20 жылдан бері күніне бір келіге жуық топырақ жейді. Оның бұл қызығушылығы 28 жасында басталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Twitter

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында тұратын Нукала Котешвара Рао есімді азамат 28 жасынан бері топырақ жеуді әдетке айналдырған.

Newsflare сайтында Нукала Котешвара Раоның аяғының астындағы топырақты қалай жегенін көрсететін видео жарияланған. Ол кейде күніне бір келіге дейін жеп, тамақтан мүлдем бас тартады екен.

Раоның сөзінше, мұндай диета оның денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбеген.

Топырақ жеу - геофагия немесе жерді жеу деп аталады, сондай-ақ ол көптеген елдерде тараған.

Габонада, Камерунда және Гвинеяда тұрғындар кардаменмен тұздалған каолинит сияқты минералды тұтынады. Гаитидегілер қарындары ашқан сәтте топырақты тұзбен және көкөністермен араластырып жейді.

Ал индонезиялықтар ампо деп аталатын тағамды күріш алқабындағы топырақтан дайындайды.

Көбінесе топырақты әйелдер жүктілік барысында жейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827900-20-zyldan-beri-topyrak-zejtin-er-adam-lemdi-tayraktty-video/

pixel