RU
10 жыл бойы спа-салонның төбесін мекендеп келген алып питон жұрттың зәресін ұшырды

10 жыл бойы спа-салонның төбесін мекендеп келген алып питон жұрттың зәресін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Қытай сауда орталықтарының біріндегі спа-салонның төбесінен салмағы 19 келі болатын питон құлап түсті. Ұзындығы 4 метрді құраған жылан бұл жерді шамамен 10 жыл бойы мекен еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ teleprogramma.pro сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Күтпеген қонақты" көрген мекеме басшысының үрейі ұшқан. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері жыланды ұстап, хайуанаттар бағына алып кетті.

Оқиға 12 қарашада Қытайдың Фошань қаласындағы сауда орталығында болған. Спа-салонның қызметкері бөлмелерді тексеріп жүріп, төбеден құлап түскен алып питонды байқаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Питонның бұл салонға қалай кіргені белгісіз. Спа-салонның басшысы осыдан 10 жыл бұрын ғимаратта жасырынып жүрген жылан туралы қауесет естігенін айтады.

Бұл туралы үш жыл бұрын мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылар да сөз қылған екен. Алайда, олардың әңгімелеріне ешкім сенбеген көрінеді.

Зоологтардың айтуына қарағанда, питон өмір бойы (олар 25 жылға дейін өмір сүреді) ғимараттың төбесін мекендеп, егеуқұйрықтармен қоректенген.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel