Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді

Опубликовано:

Джанет пен Грэм Уолтон балалы болуды қатты армандаған. Алайда олардың қалауы көпке дейін орындалмаған. Тек кезекті рет бағын сынамақ болған олар көп ұзамай бір емес, бірден алты баланың ата-анасы атанатынын біліпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ерлі-зайыптылар балалы болу үшін, тіпті, көмекші репродуктивті технологияға 12 рет жүгініпті.

Тек 13 ретте ғана әйел адам өзінің жүкті екенін білген.

36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Болашақ ата-ананың қуанышында шек болмаған. Алайда олар жүктіліктің 8-аптасында дәрігерге қаралуға барғанда бір гәптің барын сезіпті.

УДЗ маманы абдырап қалған, ал біраз уақыттан кейін бөлмеге дәрігерлер кіріп, таңырқай өзара сыбырласа бастапты.
36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сол кезде мамандар ерлі-зайыптылардың бір емес, бірден алты баланың ата-анасы болатынын айтады.

1983 жылдың 18 қарашасында Уолтондар әулетінде Ханна, Рут, Люси, Кейт, Дженни және Сара есімді егіздер дүниеге келді.
36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Қыздар жүктіліктің 31-аптасында кесар тілігі арқылы Англияда туылды.

"Екі қыз туыла сала инкубаторда жатты. Себебі олар анасының құрсағында жатып, толық дамып үлгермеген", - дейді қыздардың әкесі.
36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Екі айдан кейін дәрігерлер анасы мен қыздардың жағдайы жақсы екенін айтып, оларды ауруханадан шығарыпты.

Бақытта ата-ана жылына 10 мың жөргек ауыстырып, бірнеше жыл бойы дұрыс ұйықтамаған.

Алты баланы бір уақытта тамақтандырып, жуындырып, жөргегін ауыстырып, ұйықтату керек болған. Ал қыздар өскен кезде, мектепке, үйірмелерге, спорт секцияларына барыпты.

36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Алғашқы жылдары өміріміз біршама қиын болды...Десе де, бір ғана нәрсеге өкінеміз, біз олардың есейгенінен ләззат алып үлгермедік. Үнемі уақыт жетпеді", - дейді қыздардың анасы.
36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бүгінде апалы-сіңлілілер 36 жаста, олар қазіргі уақытта бір-біріне өте жақын.

Ханна - мектеп оқытушысы, оның бірнеше жоғарғы білімі бар. Кейт кадрлар бөлімінде, ал Люси жергілікті әуежолдарында қызмет етеді.

Дженнидің жеке кондитерлік дүкені бар. Рут атастырылып қойған. Ал Сара 2014 жылы ана атанып, Джанет пен Грэмге немере сыйлады.

36 жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі жалғыз алты егіз қыздың өмірі қалай өзгерді
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Қыздарымызды тәрбиелеп, өсіргенді қатты ұнататымын. Олардың өміріндегі бір кезең екіншісінен күшті болды деп айта алмаймын. Тек әрдайым уақытымыз болмай, отбасымыздың өмірінен толықтай ләззат ала алмаппыз. Немерелермен бәрі басқаша", - дейді Джаннет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827916-36-zyl-bryn-dniege-kelgen-lemdegi-zalgyz-alty-egiz-kyzdy-miri-kalaj-zgerdi/

pixel