RU
"Арқама темір орнатты": Кәрімов 11 сағаттық отасы қалай өткенін айтып берді

"Арқама темір орнатты": Кәрімов 11 сағаттық отасы қалай өткенін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов омыртқа жотасы салдарынан жасатқан он бір сағаттық отасы қалай өткенін егжейлі-тегжейлі айтып берді. Өнер иесі аса ауыр операциясы жайлы жантүршігерлік мәліметтерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәрімов сколиоз дерті кесірінен пышақ астына жатуға мәжбүр болған. Эстрада жұлдызы ұзаққа созылған отасы кезіндегі қорқынышты жайттар мен операция нәтижесі жайлы ашық айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында баяндады.

"Маған он бір сағат бойы ота жасады. Операция кезінде өкпемді сөндірді. Ал қазіргі таңда менің денемде темір шабақ пен бұрандамалар орнатылған. Олар менің денемде мәңгіге қалады. Үлкен шығармашылық жолды еңсеріп, мен былтыр Кореяда аса қымбат отаны жасаттым. Бұдан артық төзу мүмкін болмады. Сол себепті, бұл маңызды қадамға бардым.
Мен бақыттымын. Бәрі ойдағыдай өтті. Жаңа арқаммен мен өзімді 18 жастағы жігіттей сезінемін. Отадан кейін бойым алты сантиметрге өсіп кетті. Енді мен өзімді толықтай сау адаммын деп айта аламын. Енді шаршамайтын болдым, қатарынан үш концерт беруге де даярмын. Бастысы сіздерге өз музыкамды сыйлауды тоқтатпау" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімовтың омыртқасына он бір сағаттық ота жасатқанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel