RU
Амандық Баталов: Қажет болса, кез келген уақытта кетемін

Амандық Баталов: Қажет болса, кез келген уақытта кетемін

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Манзоровтың кінәсі дәлелденсе, кез келген уақытта отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Амандық Баталов. Фото: zhetysu.gov.kz

Амандық Баталов. Фото: zhetysu.gov.kz

Ол отставкаға кетуі туралы мәселені мемлекет басшылығы шешетінін айтты. Облыс әкімі көп жылдар бойы адал еңбек еткенін жеткізді.

"Қажет болса, кез келген уақытта кетемін. Немерелерімнің жанында боламын", -деді Баталов.

Сондай-ақ, өңір басшысы ешқашан өз мансабы үшін немесе қызметін жоғалтуға қорықпағанын түртіп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Амандық Баталов орынбасары Манзоровтың өзіне қатысты тергеу жұмысы басталғанын мойындағанын айтқан еді.

Өңір басшысы бұл жағдайға адами тұрғыда түсіністікпен қарап, одан қызметінен кетпеуді сұраған. Осылайша, ол Манзоровқа еңбек демалысын алуға мүмкіндік берген.

Жақында Бас прокуратура Манзоровқа қатысты тергеу жұмыстарын тоқтатты. Ал істі жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бұл шешіммен келіскен жоқ.

Олар органның әрекетіне арыз түсіріп, әлі де ресми жауап күтіп отыр. Ал әкім орынбасары өзіне қатысты іс тапсырыспен жасалған деген пікірде. Ол бұл туралы жақында берген сұхбатында баяндады.

Манзоровтың сөзіне жауап берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілер мемлекеттік қызметкердің ісіне қатысты тергеу жұмысында өз позицияларынан айнымайтынын түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel