RU
Баталов Манзоровтың ісі жайлы: Кінәсі делелденсе – жауапқа тартылады

Баталов Манзоровтың ісі жайлы: Кінәсі делелденсе – жауапқа тартылады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған даулы іске байланысты көзқарасын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Амандық Баталов. Фото: zhetysu.gov.kz. Бағдат Манзоров. Фото: aikyn.kz

Амандық Баталов. Фото: zhetysu.gov.kz. Бағдат Манзоров. Фото: aikyn.kz

Аймақ басшысы Манзоровқа қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде оның жеке өзіне келіп, мән-жайды айтып бергенін жеткізді.

Әкім орынбасары бұл істің "Алматыдағы бұрынғы жұмысымен байланысты" екенін мәлімдеген. Ол бастығынан бұл мәселенің анық-қанығына жету үшін еңбек демалысына жіберуін сұраған.

Баталов орынбасарымен 18 жыл бұрын танысқан екен. Ол кезде шенеунік Алматы облысына жұмыс жасауға енді ғана келген. Ал Манзоров сол сәтте Көксу ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалғанына бар-жоғы екі ай болған Манзоров қызметкер ретінде Баталовтың көңілінен шыққан.

Аймақ басшысы орынбасарының Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою кезіндегі қызметін өте жоғары бағалайтынын атап өтті.

"Осындай жағдай туған кезде оған арыз жазып, жұмыстан кет деп айта алмаймын ғой. Адамгершілік болу керек. Бұндай жағдай кез-келген адамның басына келуі мүмкін", – деді облыс әкімі.

Ол Манзоровқа қатысты шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданатынын жеткізді. Айтуынша, кінәсі делелденген жағдайда – ол жауапқа тартылады, ал дәлелденбесе – әкімдіктегі жұмысын жалғастырады.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, "тапсырыс" болғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдіріп, ешқандай "тапсырыс" болмағанын алға тартты.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұдан кейін Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

28 қазанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel