RU
"Ажырасқандар маза бермейді": Тұрмысқа шықпаған 28 жастағы ару сырын ақтарды

"Ажырасқандар маза бермейді": Тұрмысқа шықпаған 28 жастағы ару сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Бүгінде 28 жасқа келіп, әйел бақытын сезініп үлгермеген ару жан сырын ақтарды. Ол өзіне ажырасқан еркектер маза бермейтінін айтып, шағымданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасына" сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Орта арнаулы ғана білімі бар бойжеткен мансап қудым деп те айта алмайды. Ол қыз бала қанша еңбек еткенімен, тұрмысқа шыққаны дұрыс екенін 25-тен асқанда аңғарыпты.

Себебі, сол уақытта айналысындағы құрбылары тұрмыс құрып, екі-үш баланың анасы атанып үлгерген екен.

"Мен де ойланып жүргенімде,бала -шағасы барлар, ажырасқандар ұсыныс жасай бастады. Отбасы болса да сырттан жылу іздейтіндер қаншама. Әйелінің көзіне шөп салып, оны әйелім білмесін деп қашып -пысып жүретін еркектер ұнамайды. Маған әкем сияқты өр мінезді жігіттер ұнайды",- дейді ол.

Дегенмен, бойжеткен өз әкесінің де көп қыдырғанын мойындады.

"Әкем де кезінде жүрген.Бірақ анама айтатын.Анам ауыр болса да бәрін білетін. Бәрін көтеретін.Өйткені сырттағы әйелдердің табалай сыпсыңдағанынан өз аузымен айтқаны әлдеқандай жеңіл болатын шығар,қазіргілер сияқты ажырасамын деп аласұрғанын көрмеппін. Бәріне сабырмен қарайтын. Содан да болар, жанұяның іргесі ажырамапты. Бірақ...анамның әкем келмей қалған түндері күрсініп,ұйықтай алмай шығатынын сезуші едім. Ал таңертең бала -шағасына дым білдірмей жайраңдап шәйін беретін",- деп ағынан жарылды ару.

Анасының көз жанарынан мұң байқаған ол отбасылы азаматтар ұсыныс жасағанда бірден оның әйелін ойлайды екен. Содан да болар, нәзік жанды жанұялы азаматтарға жүрегім жылымайды дейді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
3
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel