RU
Мастықпен сүйіктісінің досымен төсектес болған ару көпшіліктен ақыл сұрады

Мастықпен сүйіктісінің досымен төсектес болған ару көпшіліктен ақыл сұрады

Рассказать Вконтакте

25 жастағы ару 4 ай жүрген жігітінің досымен мастықпен төсектес болып қалғанын сөз етті. Оның айтуынша, ол бүгінгі таңда ойланбай жасаған ісі үшін өкініп жүр екен. Тығырыққа тірелген бойжеткен көпшіліктен ақыл сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өкінемін": Мастықпен сүйіктісінің досымен төсектес болып қалған ару көпшіліктен ақыл сұрады

Көрнекі фото: pxhere.com

Бұл туралы ару Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

Бойжеткеннің сөзінше, сүйіктісі оның үйіне жолдасымен бірге келіп, ішімдік ішіп отырыпты. Біраз уақыттан кейін арудың өзі ер адамдардың отырысына қосылыпты.

"Жасым 25-те. 4 ай бұрын жігітпен таныстым. Араласа бастадық, ол менің үйіме келіп тұратын, кейде қонып та қалатын. Бір күні ол маған досымен бірге келді. О баста екеуі ішіп отырды, кейіннен мен де қосылдым. Біраздан кейін жігітім масайып, ұйықтап қалды. Оны төсекке жатқызып, өзім досымен бірге ішіп отыра бердім", - дейді ол.

Сүйіктісін ұйықтатып, оның досымен оңаша қалған ару ер адамға беріліп қойған. Десе де жасаған ісі үшін өкінген ол бүгінде қалай әрекет етерін білмей, дал болып жүр екен.

"Бір кезде ол маған тиісе бастады, ал мен оны итердім. Десе де қалай оның қойнынан бір-ақ шыққанымды түсінбей қалдым. Қазір сол үшін өкінемін. Жігітім ештеңе білмейді, тіпті, сезіктенбейді де. Ал оның досын содан кейін мүлде көрмедім. Жігітімді сүйемін, онымен айырылысқым келмейді. Арым маза берер емес. Не істесем болады?", - деп көпшіліктен кеңес сұрады ол.
Сіздің реакцияңыз
23
4
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel