RU
Туған баласын сатып жіберген азамат ақшасын қыздарға жұмсаған

Туған баласын сатып жіберген азамат ақшасын қыздарға жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Фуцзянь провинциясының тұрғыны өзі танымайтын ерлі-зайыптыларға туған қызын сатып, алған ақшасын тікелей эфирде ойын ойнайтын қыздарға сыйлық алып құртқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Ер адамның сөзінше, оның әйелі өзін және екі баласын тастап кеткен. Сол себепті ол ұлы мен қызын өзі асырап келген екен. Ақша тапшылығынан ол балалардан бас тартып, оларды сатып жіберуге шешім қабылдаған.

Жыл басында оған балалары жоқ ерлі-зайыптылар хабарласты. Ақпан айында екі тарап көрісіп, отбасы ер адамға 80 мың юань, яғни 4 миллионнан астам теңге берген.

ҚХР тұрығыны бейтаныс адамдарға қыздарын беріп, асырап алу туралы келісім-шартқа қол қойды.

Сәбиді асырап алған ата-ана мамыр айында балаға құжат рәсімдеуге тырысқан және мемлекеттік мекемеге туу туралы жалған куәлік берген.

Осы себепті құқық қорғау органында келісім-шарт туралы біліп қойды. Сонымен қатар, олар қыздың әкесі қолына түскен ақшаға желіде ойын ойнайтын қыздарға виртуалды сыйлықтар сыйлап, шашқанын анықтады.

Нәтижесінде ер адамға бала саудасы фактісі бойынша айып тағылды. Бала сатып алуға ниет білдірген ерлі-зайыптылар да жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel