RU
Алматылық азамат Шымкенттегі ғашығына бару үшін көлік ұрлап кеткен

Алматылық азамат Шымкенттегі ғашығына бару үшін көлік ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматылық жігіт Шымкенттегі сүйіктісіне бару үшін 62 жастағы әйел адамның көлігін ұрлап кеткен. Көлігінің жоғалғаны туралы мәліметті әйел адам 16 қараша күні "102" қызметіне хабарлап айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай әйел адам кешкі уақытта өзінің көлігіне химиялық тазартудан өткізу үшін, оны көлік жуу кешеніне апарған. Ертеңгі күні көлігін қайтып алмақ болған әйел адам, темір тұлпарының орнында жоқ екенін білген. Әйел адам бірден полицейлерге хабарласқан.

Тәртіп сақшылары көлікті ұрлаған адамның кім екенін бірден анықтаған. Қарақшы осы көлік жуу орнында жұмыс істейтін, Талғар қаласының 28 жастағы тұрғыны болы шыққан.
"Ер адам бұған дейін ұрлау және бұзақылығы үшін, сотталған екен. Бірнеше сағаттың ішінде күдікті Шымкентте табылды. Ол онда ұрланған көлікпен өзінің ғашығымен кездесу үшін барған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, көлік иесіне қайтарылды", - дейді полиция өкілдері.

Сол сияқты Алматыда тағы бір көлікті ұрлау фактісі тіркелген. 34 жастағы ер адам түнгі сағат үштерде, шаһардағы клубтардың бірінен көлігі ұрланғаны туралы шағыс түсірген. Бүгінде тәртіп сақшылары ер адамға келген шығын көлемі 8 млн теңгені құрады деп отыр.

Полицейлердің мәліметінше, көлік ұрлаған адам бүгінде ұсталған. Қазіргі күні ол қаладағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel