RU
76 жастағы әкесін таң атпай соққыға жыққан ер адам жаға ұстатты

76 жастағы әкесін таң атпай соққыға жыққан ер адам жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның Канибадам қаласында милиция қызметкерлері өз әкесін соққыға жыққан 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: ca-news.org

Көрнекі фото: ca-news.org

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаға ұстатарлық жағдай 16 қараша күні болған.

Өз үйінде 76 жастағы әкесімен болған азамат таңғы 8:30 шамасында оны соққыға жығып тастаған.

Салдарынан ауыр дене жарақаттарын алған азамат ауруханаға жеткізілді. Қазіргі аталған фактіге байланысты тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі және жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов екінші әйел алуға ниетті екенін жеткізді.

Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы журналистерге берген сұхбатында айтып қалды.

"Менің бір әйелім бар, екіншісін алу жоспарымда тұр. Үшіншісін ... білмеймін", - деп түсіндірді ол "Мир" телеарнасына берген сұхбатында.

Абдулманап Нурмагомедовтың сөзінше, ер азаматтарға Жаратушы бірнеше әйел алуға рұқсат берген.

Ер адам бір әйел тек мүмкіндігі шектеулі жандарда ғана болуы мүмкін екенін, нәзік жандыларды әрқашан сыйлау керектігін де атап өтті.

Қыркүйек айының соңында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен оның әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Атырау қаласына келді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel