Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі 5 жасар қыздың өлімі: Дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Ақтөбеде үш аурухананың ортасында сенделіп қайтыс болған бүлдіршіннің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал баланың әкесі кінәлі дәрігерлердің жазалануын сұрап, тәуелсіз комиссия қорытындысымен таныстыруды талап етіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Тәуелсіз комиссия қорытындысымен танысқымыз келеді. Бір күн бұрын учаскелік дәрігерге барып, баламның медициналық кітапшасын ала алмай кеттім. Олар неге маған бермейді? Мен ол жерге дәрігерлердің не жазғанын білгім келеді",-дейді марқұмның әкесі Қажымұқан Ахметов.

Дәрігерлер тәуелсіз комиссия, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қорытындысын баланың ата-анасына жазбаша түрде беруге уәде етті.

Бүлдіршін қазасынан кейін дәрігерлердің үстінен медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауына қатысты тергеу басталды.

"Бала қазасына қатысты ҚР ҚК-нің 317-бабымен іс қозғалып, прокуратураға жолданды. Тергеу жұмыстары прокурорлармен жүргізіледі",-дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

13 қараша күні Ақтөбеде бес жасар қыз баланың көз жұмғанын хабарлаған едік. Жақындары кішкентай қыздарының мезгілсіз қазасына дәрігерлерді кінәлап, үш аурухананың арасында жүріп қалып, уақыт жоғалтқанын айтқан еді. Кейін бұл мәселені министрлік пен облыс әкімі бақылауға алды. Марқұмның әкесі баласын шырылдатып, сенделткен дәрігерлер заң алдында жауап бергенін талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827984-aktbedegi-5-zasar-kyzdy-limi-ddrigerlerdi-stinen-kylmystyk-is-kozgaldy/

pixel