RU
Желідегі сұлу бойжеткен шын мәнінде Аргентина президентінің ұлы болып шықты

Сұлу бойжеткен шын мәнінде Аргентина президентінің ұлы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Осы жылдың қазан айының соңында Аргентинадағы президенттік сайлауда 60 жастағы Альберто Фернандес жеңіске жетті. Алайда желі қолданушылары саясаткердің лауазымға тағайындалуын емес, оның ерекше ұлын талқылап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Жалпы, Эстанислао Фернандес - гик-мәдениетінің 24 жастағы өкілі. Жігіт онлайн ойын ойнап, 2,2 мың адам үшін соны видеоға түсіреді.

Әр түрлі фестивальдер мен конвенттерге қатысады, сондай-ақ ойындардан, комикстерден және фильмдерден танымал кейіпкерлердің образын қайталайды.

Алайда олардың басым бөлігі әйел адамдардың образдары деп жазады Elcierre Digital.

Эстанислао ашық киім мен қатты боянғанды жақсы көреді. Ол қайталаған образдардың арасында Малефисента, Харли Квинн, мысық пен Пикачу бар.

Жігіт суретке түсіп, "Instagram"-ға салады екен, оны 199 мың адам оқиды. Ойыншы үнемі мұндай образбен жүрмейді: онлайн ойынды ол әдеттегі жігіт ретінде өткізеді,ал сақтандыру компаниясына жұмысқа барарда костюм киеді.

"Ол ең жақсы ұл. Оның образдарының кереметтіліг сонша, оны тіпті, Нью-Йорктағы "Комик-кон" сияқты ірі фестивальдарға шақырады", - дейді саясаткер Альберто Фернандес.

Сіздің реакцияңыз
0
6
2
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel