RU
"Қызғанады": Әйелінің сіңлісін сүйіп қалған ер адам шерін тарқатты

"Қызғанады": Әйелінің сіңлісін сүйіп қалған ер адам шерін тарқатты

Рассказать Вконтакте

Есімі жасырын болып қалған 30 жастағы ер адам жарының сіңлісіне алғашқы кездесуден бері ғашық екенін айтты. Сөзінше, ол бірнеше жылдан бері жас қызды ұмыта алмай жүр екен. Десе де, отбасынан бас тартқысы келмейтін азамат бұл түсініксіз сезімнен қалай арыларын білмей дал болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қызғанады": Әйелінің сіңлісін сүйіп қалған ер адам шерін тарқатты

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы ер адам Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

Ордабұзар жастағы азамат отбасымен бірге бақытты ғұмыр кешіп жатқанын, алайда әйелінің сіңлісіне деген бұрыннан келе жатқан сезімді сөндіре алмай жүргенін ашып айтты.

"Жасым 30-да. Үйленгенмін, балаларым да бар, бақытты отбасымыз. Бірақ бір мәселе маза берер емес. Мен әйелімнің сіңлісіне ғашықпын. Оны бірінші кездесуден кейін-ақ ұнатып қалдым. Бірнеше жыл өтті, әлі күнге дейін бұл мәселеммен ештеңе істей алмадым. Үнемі оны ойлап жүремін. Жағдайы жақсы ме екен деп уайымдаймын. Ол өте сұлу, жас қыз", - дейді ол.

Ер адамның сөзінше, бойжетен де оны сыйлап, оған жылы қабақ танытады екен. Алайда абайсызда әйнелінің қызғаныш сезімін оятып алған ер адам арудан аулақ жүруді шешіпті.

Бүгінде жүрегіне әмір бере алмай жүрген азамат енді қалай әрекет етерін білмей, дал болып отыр екен.

"Білуімше, ешкіммен кездесіп жүрген жоқ. Ол періште іспеттес, қарасаң көзің тоймайды. Оның күлімсірегенін көргім келіп тұрады. Ол да маған жылы шыраймен қарайды. Бірде әйелімнің мені одан бір-екі рет қызғанып қалғанын байқадым. Содан кейін оған жақындай бермеуге тырысатын болдым. Кездесулерден қашамын. Осы сезімнен айырылғым келеді. Себебі өз отбасымды жақсы көремін. Жұбайымды ренжіткім келмейді. Ол менің алтыным", - деп жан сырын ақтарды ер адам.
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
5
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel