RU
Денис Тен қайтыс болған жерде пикник жасағандар жұрттың ашуын шақырды

Денис Тен қайтыс болған жерде пикник жасағандар жұрттың ашуын шақырды

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде пост жариялады: оны қазақстандық мәнерлеп сырғанау жұлдызы Денис Теннің қаза тапқан жерінде пикник ұйымдастырған бір топ адамға шамданды. Анықталғандай, спортшы жан тәсілім еткен қиылысқа жақын жерде комедиялық фильм түсіріледі екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"17 қараша күні Құрманғазы-Байсейітов көшесіне келіп, адамдардың жиналып қалғанын көріп, олардың кім екенін және не істеп тұрғанын түсінбеді. Сұрақ қойып, мынадай жауап алдық: "Бізде комедиялық фильмнің түсірілімі жүріп жатыр, біз осында түскі асымызды ішеміз, осында ыңғайлы", - деп жазды ару өз Instagram парақшасында.

Оқиға алматылық арудың шамына тиіп, ол бұған бейжай өтіп кете алмапты.

"Той-думан үшін басқа орынды таңдауға ми жетпеді ме?", - деді ол өз жазбасыцнда.

Жазба авторы анықтағандай, ескерткіштің жанында түскі ас ішкендер танымал әнші Айқын продюссерлік етіп жатқан фильм түсірілімі үшін жұмыс істеп жатыр екен.

Алматылық келіншек түсірілім тобының Денис Тенге шабуыл жасаған жерде пикник жасағанымен қоймай, оларды бұл жайттың мүлдем мазаламағанына қынжылды.

"Олар тамақ ішіп, қабырғаға қарап:"ааа, Денис Тенді өлтірген жер осы екен ғой", - деді. Оларды сол киллерлер мен сатып алушылармен теңестіруге болады, олардан еш жерлері артық емес, біреулер өлтіреді, басқалары тойлайды», - деп жазды ару.

Сондай-ақ ол түсірілім тобының артынан қоқысты қайтыс болған сырғанаушының жанкүйерлері жинағанын айтты.

Соңғы сөзін ару Айқынның өзіне жолдады.

"Құрметті Айқын, мен ұялып әрі жиіркеніп тұрмын, Денис сіздің жұмысыңызды қолдап, сізді "Қазақстанның көркемдік мұрасы" деп санады, сіз оған осындай көзқараспен қарайсыз ба?!",- деп жазды қыз.
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel