RU

"Адамдар қиналуда": Баталов Алтын Орда маңындағы жолдың құрылысын аяқтауды талап етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мердігерлерден "Алтын Орда" базарының маңындағы жол айырығына қатысты құрылысты аяқтауды талап етті. Әкім бұл бағытта көлік жүргізген кезде адамдардың қиналатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Адамдар қиналып жатыр": Баталов Алтын Орда маңындағы жолдарды салып бітіруді талап етті

Фото: kolesa.kz

"Шыныменде ол жерде шығу мен кіруде қиындықтар бар. Адамдар қиналып жатыр. Сондықтан мен үкіметке құрылыс салуды сұрадым. Біз өте жақсы жоба жасадық, оны ұзақ уақыт талқыладық. Түйін бар жерді жасаймыз, тұрғын үй кешендеріне кіру мен сауда орталықтарына шығу жолдарын қамтамасыз етеміз", - деді Баталов.

Оның жолдардың осы бөлігімен айналысатын мердігердің жұмысына көңілі толған жоқ. Әкім бұл мәселе әлдеқашан шешіліп, құрылыс аяқталған болуы керек еді деп есептейді.

Оның сөзінше, мердігер компания жақында осы жылы игерілмеген ақшаның бір бөлігін де қайтарған. Ал адамдар осы уақытта адамдар жолдың аяқталуын күтуде.

Баталовтың пікірінше, Алтын Орда аймағында ойлап табылған жоба өте сәтті. Оның жід ортасында транзиттік ағынға арналған жол болады, екі жағынан қоршаған нысандарға шығатын жолдар болады.

"Біз бұл республикалық маңызы бар жолды "ҚазАвтоЖол" басқарады дегенді естиміз- оларды көргенде мен үнемі айтамын - қашан құрылыс бітеді, адамдар күтіп жүр. Мен олардан талап етемін", - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Баталов Манзоров ісі туралы айтты. Әкім тергеу барысында оны неге жұмыстан шығармағанын түсіндірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Адамдар қиналуда": Баталов Алтын Орда маңындағы жолдың құрылысын аяқтауды талап етті
Mailfire view pixel