Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жасөспірімдер арасында тағы да төбелес: Оқушы пышақталды

Опубликовано:

Ақтөбе облысында 16 қараша күні сағат 21:30-да Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында жасөспірімдер арасындағы тағы бір төбелес болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік жасөспірімдер арасында тағы да төбелес: Оқушы пышақталды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Полиция төбелеске қатысқан жасөспірімдердің жеке басын анықтай алмай жатыр.

"Қандыағаш қаласы Жастық ауданында жеке бастары анықталмаған жасөспірімдер арасында төбелес болған. Пышақ жарақатын алған 10 сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осы оқиғадан кейін ауданға облыстан арнайы барған полицейлер ата-аналар және мектеп басшыларымен кездесу өткізді.

  • Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы заңбұзушылық пен​ қылмыстық жаза туралы түсіндірді.
Айта кетерлігі, бұған дейін облыста жасөспірімдердің қатысуымен 112 қылмыс тіркелген. Жыл басынан бері үш жеткіншек қаза тапса, жетеуі пышақ жарақатын алған.

Сонымен қатар, осыдан бірнеше күн бұрын өңірдегі мектептерде үздік оқитын дарынды оқушылар мен тұрмысы жақсы отбасылардың балалары арасында қылмыс көбейгені туралы полицейлер дабыл қаққан еді.

Ауқатты отбасылардың балалары қылмыстың ортасында жүргенін айтқан тәртіп сақшылары ұстаздар мен ата-аналардың басны қсоып, үлкен жиын өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1828061-aktbelik-zasspirimder-arasynda-tagy-da-tbeles-okusy-pysaktaldy/

pixel