RU
Шымкентте адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелген бас дәрігер туралы не білеміз

Шымкентте адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелген бас дәрігер туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі қалалық аурухананың басшысы, хирург Абылай Донбай адамдардың мүшелерін заңсыз алғаны үшін күдікті деп танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте адамдардың мүшелерін заңсыз алды деп күдіктелген бас дәрігер туралы не білеміз

Абылай Донбай, фото: Facebook парақшасынан алынды

Абылай Әбдүжаппарұлы 37 жаста, ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

14 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын тәмамдағаннан кейін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша диплом алды. Содан кейін сол университетте бір жылдық интернатураны да бітірді.

Оның "Іскерлік әкімшілік" мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Донбай - бірінші дәрежелі хирург-дәрігер, трансплантолог. Денсаулық сақтау саласындағы жалпы жұмыс өтілі - 10 жыл, оның 6 жылында медициналық мекемелерде басшылық қызметте отырды.

Сонымен қартар, Донбай бірнеше рет Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында кәсіби қайта даярлау курсынан өтті.

Хирург қызмет еткен мекеменің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, әртүрлі жылдары ұсталған азамат Қ.А. Яссауи атындағы МКТУ Алматы қалалық клиникалық ауруханасында хирург болып жұмыс істеді.

Шымкентте адамдардың мүшелерін заңсыз алды деп күдіктелген бас дәрігер туралы не білеміз

Абылай Донбай, фото: Facebook парақшасынан алынды

5 жыл Донбай елордалық ауруханада хирург болып жұмыс істеді. Ол сол жерде бірнеше бөлім басқарып келген. Елорданың бас трансплантологы болды.

Донбай шетелде жұмыс істеп келген: бір кездері ол Мәскеудегі Склифосовский ҒЗИ-да жұмыс істеді.

Сондай-ақ ол Сеул қаласында өткен мамандығы бойынша халықаралық тағылымдамаға грант ұтып алды.

2017 жылдан бастап қазір жұмыс істеп жатқан ауруханада хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары болды. Ал ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап осы мекеменің бас дәрігері қызметіне келген еді.

Дәрігерлік қызметі кезінде Донбайдың облыс денсаулық сақтау басқармасының мадақтамаларымен марапатталғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, ұсталған дәрігер қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қараша күні Шымкенттегі қалалық аурухананың басшысы ұсталған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel