RU
"Жүрегі кенеттен тоқтап қалды": Зарина Алтынбаева анасының өлімі жайлы сырын ақтарды

"Жүрегі кенеттен тоқтап қалды": Зарина Алтынбаева анасының өлімі жайлы сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Отандық опера әншісі Зарина Алтынбаева ашық сұхбат беріп, алғаш рет анасының өлімі жайлы айтып берді. Өнер иесі өзі үшін аса ауыр тақырып аясында сыр шертіп, өмірдегі ең жақын адамынан айырылу қаншалықты қиынға соққанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасап.

Зарина Алтынбаева өзінің операға келуіне анасының септігі тигенін жасырмады. Алайда, анасының өмірден өтуі опера әншісінің сағын сындырып, өмірін түбегейлі өзгерткен.

"Кеше ғана болғандай сезім бар. Бірақ, бұл уақыт аралығында көп нәрсе өзгергенін де байқаймын. Үнемі біреудің қанатының астында жүргенде көп ойланбайсың, өмір ағысымен жүре бересің.

Анам қайтыс болғанда енді мұндай уайымсыз өмір болмайтынын түсіндім. Отбасы тізгінін қолға алу керек болды. Тек қана алға ұмтылу қажет еді.

Анам өмірді сондай жақсы көретін. Ол өте мықты әйел еді. Мен оны "темірден жасалған" деп айтатынмын. Себебі, өмірде қандай қиындық болмасын, әкемсіз жалғыз қалған күннің өзінде де ол үнемі өмір керемет екенін айтып жүретін.

Жанұямыз ол үшін басты мәртебеде болатын. Анам бізді өмір жолында бағыттап отыратын нұсқаушымыз болды. Анамнан көрген махаббатты басқа еш жерден көрмедім.

Оның махаббаты мен қамқорлығы аса ерекше болды. Тіпті, менің қызым да арада біраз уақыт өтсе де, "апам мені сондай жақсы көрді ғой" деп есіне алып отырады.

Әрине, ол бізге қатты жетіспейді, қатты сағынып жүрмыз. Оның орнын ешкім баса алмас.

Анамның жүрегі кенеттен тоқтап қалды. Бұл күтпеген жағдай болды, үйдегілер қоштасып үлгермеді. Анам өмірден өткен соң, оны үйге әкелдік. Мен қызымды кіргізейін бе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ кіргізуге бел будым, әжесімен қоштассын дедім" , - деді Алтынбаева.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel