RU
Қазақстандықтар рейсті 9 сағатқа кешіктірген Bek Air компаниясына шағымданды

Қазақстандықтар рейсті 9 сағатқа кешіктірген Bek Air компаниясына шағымданды

Рассказать Вконтакте

Bek Air әуекомпаниясының Ақтау-Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары ұшақтың ұшу уақыты 9 сағатқа кешіктірілгені үшін наразылық білдіруде. Жолаушылардың сөзінше, оларға тіпті не ыстық тамақ, не қонақүйден орын берілмепті. Компания кешірім де сұрамаған жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар рейсті 9 сағатқа кешіктеріген Bek Air компаниясына шамданды

Жолаушы Әнуар Серіктің суреті

Әнуар Серік есімді азаматтың сөзінше, ұшақ Ақтаудан Нұр-Сұлтанға 19 қараша күні 22:10-да ұшуы тиіс еді.

Алайда рейс алдымен 2:15-ке, одан кейін мүлде 7:20-ға ауыстырылған.

Сондай-ақ, жолаушының айтуынша, бірінші хабарлама кеш келіпті. Ол кезде адамдардың барлығы әуежайда жиналып, ұшу уақытын күтіп тұрған.

Қазақстандық жолаушылар заң бойынша берілуі тиіс ыстық тамақ пен сусынды да алмаған екен. Сонымен қатар, жолаушылар бірде бір компания өкілінің кешірім сұрамағанына таңырақауда.

"Кейбір жолаушылар басқа қаладан келген, транзитті, кішкентай балалары бар, бірақ компания, неге екені белгісіз, заң аясында әрекет етпеді, ал онда барлығы нақты жазылған.

Заң бойынша, рейс екі сағатқа кешіксе - жолаушыларға салқындататын сусындар, төрт сағатқа кешіксе - ыстық тамақ, алты сағатқа кешіксе - қонақ үйден жататын орын берілуі тиіс.

Тамақтан тек ірімшік салынған бөлке ғана берді. Болды!
Не жөнді кешірім сұраған жоқ, не компания қызметкерлері мен басшылығы тарапынан түсніктеме берілген жоқ", - деді Әнуар Серік.

Bek Air әуекомпаниясының сall-орталығында рейстің расымен де ұзақ уақытқа кейінге шегерілгенін растады. Ол жерде ұшақты таңғы сағат 7-де сәтті ұшып кеткені хабарланды. Алайда осыншалық ұзақ уақытқа кідіріп қалуына не себеп болғаны айтылған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel