Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирина Шейк екінші жыл қатарынан Ресейдегі ең тартымды әйел атанды

Опубликовано:

Ресейлік супермодель және актриса Ирина Шейк ерлерге арналған Maxim журналының нұсқасы бойынша елдегі ең тартымды әйел атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Актер Брэдли Купер мен футболшы Криштиану Роналдуның бұрынғы сүйіктісі ресейлік жүз таныма кірген тізімде екінші жыл қатарынан бірінші орында тұр.

Ал екінші орынға актриса Любовь Аксёнова жайғасты, әнші Ольга Серябкина үшінші орынды иеленді.

Одан кейінгі орындарға модель Виктория Одинцова мен актриса Яна Кошкина жайғасты. Рейтингтің алтыншы орнын Елена Темникова алды, ал әнші Вера Брежнева жетінші орынды, Настя Каменских сегізінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, Анастасия Ивлеева (18-орын) мен Ани Лорак (25-орын) та тізімнен қалыс қалған жоқ.

Айта кетейік, ресейлік модель Ирина Шейк 2017 жылы танымал актер Бредли Куперге қыз сыйлады.

Көпшілік жұлдызды сәбидің болашақта анасы секілді әлемнің ең сұлу әйелдерінің қатарына қосылатынына сенімді болды.

Себебі әйгілі актер мен супермодель - әлемдегі секс-символдардың бірі.

Алайда танымал жұп жуырда ажырасып кетті.

Қос ғашықтың айырылысып кетуіне актердің "Звезда родилась" фильміне түсуі себеп болған деген қауесеттер бар. Көпшілік актер мен танымал әнші Леди Гаганың арасында сезім бар деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828087-irina-sejk-ekinsi-zyl-katarynan-resejdegi-e-tartymdy-jel-atandy/

pixel