RU
Алматы облысында дәмханада атпен қыдырған жігіт қамауға алынды

Алматы облысында дәмханада атпен қыдырған жігіт қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Текелі қаласындағы дәмханаға ер азамат атпен кіріп кеткен. Жұртты шошытқан тұрғын тиісті жазасын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Тосын жағдай кешкі уақытта, кафеде қонақтар көңіл көтеріп отырғанда орын алған.

Сол жердегілер атты көріп шошып кеткен. Енді бірі дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейінірек бұл жазбаны полицияға жібереді.

Телеарна мәліметінше, жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды.

Жылқымен кафеге кірген 32 жастағы жергілікті тұрғын өз әрекеті үшін қазіргі уақытта қамауға алынды.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті де пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, жергілікті тұрғын өз әрекеті үшін бес күнге қамауға алынған.

"Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Бұл азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен бес күнге қамаққа алынды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel