RU
"Алланы сүйемін": Бақытгүл Хаменова депутат болудың қиындықтарын айтты (видео)

"Алланы сүйемін": Бақытгүл Хаменова депутат болудың қиындықтарын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Мәжілісмен Бақытгүл Хаменова депутаттар ел алдындағы жауапкершілігін сезініп, әр сөзіне мірдің оғындай жауап беру керек деп есептейді. Сондай-ақ, ол аманатқа қиянат жасамауды - қызметінің басты міндеті деп біледі. Бұл туралы халық қалаулысының өзі баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Абайдың 45 сұрағы" жобасына сілтеме жасап.

Бақытгүл Хаменова. Фото: Видеодан кадр

Бақытгүл Хаменова. Фото: Видеодан кадр

Депутат жұмысқа деген энергияны кітаптан алатынын айтады. Ол жан-жағындағы махаббат пен сүйіспеншілік те еңбегінің өнуіне оң әсер етеді деп отыр.

"Мен еңбекпен айналысамын. Алланы сүйемін, ертеңгі күннен үлкен болашақ күтемін", - дейді Хаменова.

Сондай-ақ, Бақытгүл ханым бүгінде ешқандай бизнесі жоқ екенін жеткізді. Елге үздіксіз қызмет еткендіктен, депутат жұмысты сегіз сағаттан артық істейді екен.

"Меншігімде ештеңе жоқ. Құдай куә. Көлігім жоқ. 13 жыл бойы колледж директоры болғанда жүргізушіге артық ақша шығармас үшін көлік жүргізуді үйрендім. Колледжде басшылықтан кеткеннен кейін көлігін тапсырдым ", - деп жалғастырды ол сөзін.

Қазақша сөйлемейтін әріптестері үшін ұялмайтынын да айтқан Бақытгүл Хаменова оларға тіл үйретуден кетәрі емес.

"Әр адам өзі үшін ұялуы қажет. Ал олар алдыма келіп, көмек сұраған жағдайда есігім әрдайым ашық", - деп толықтырды халық қалаулысы.

Депутаттың пікірінше, өз ойың пісіп-жетілгенде, саяси-мәдени тұлға ретінде қалыптасқан уақытта ғана митингіге шыққан дұрыс.

"Митингіге шығу мақсаты не? Алдымен соны білу керек. Құр дақпырт пен айқай болатын болса, шығудың қажеті жоқ. Митингіге шықпай-ақ, дөңгелек үстелдің басында барлық мәселені кеңінен талқылауға болады", -дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
101
0
11
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel