RU
Үндістанда жүрегіне ота жасалуы тиіс 8 жасар қазақ қызы елдің көмегіне зәру (фото)

Үндістанда жүрегіне ота жасалуы тиіс 8 жасар қазақ қызы елдің көмегіне зәру (фото)

Рассказать Вконтакте

Созылмалы кардиомиопатия және жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған 8 жасар Інжу Үндістанның Бангалор қаласындағы Нариянна клиникасында ем алып жатыр. Өзге елге жүрек трансплантациясын жасатуға келген жеткіншек пен оның анасы алты айдан бері донор табылғанын күтіп жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыдан екі жыл бұрын Інжудің жүрегі ауыратыны анықталған. Қыздың анасы Гүлнұр Уалиханова елордада бір жылдай ем алғандарымен ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмағанын айтты.

Қойылған диагнозды тездетіп емдемесе, жеткіншектің сырқаты өзге ағзасына әсер етіп, өкпе жұмысын бұзуы мүмкін екен.

Алты айдан бері Үндістанда ем алып жатқан Інжудің анасы барлық ем мен жатын орынды өз қалталарынан төлеп келгенін сөз етті.

"Осында жүргенімізге 6 ай болды. Артық айтып қайтемін, күніне 30 доллар төлеп, пәтер жалдап тұрамыз. Күніне 3 рет дәрі қабылдайды. Аптасына бір рет дәрігердің қабылдауында боламыз. Мемлекет тарапынан тек операцияға барып-келетін жолымыз төленді", - дейді анасы Гүлнұр.

Алайда өзге елде жарты жыл ем алып жүрген Інжуге қажетті ота әлі жасалған жоқ.

Гүлнұр Уалиханованың айтуынша, олар донор табылғанша күтуге мәжбүр болып отыр екен.

Ал оған дейінгі күнкөріс үшін дертке шалдыққан қыз бен оның анасына айына кем дегенде 400-450 мың теңге қажет.

Қазірдің өзінде қарызға белшесінен батқан олар қайырымды жандардан көмек сұрайды.

"Ауруханада 10 күн жаттық, ол жерде барлық анализдерді алып, узиге түсірді, жүрегіне кататаризация жасалды. Бірақ дәрігерлер донор табылғанша күтесіңдер дейді.
Айына 400-450 мыңдай кетіп жатыр, пәтерге бір аптаға қарыз болып қалдық. Ақшамыз таусылған соң көмек сұрап жатырмыз", - дейді келіншек.

Сондай-ақ, Інжудің әкесі жұмыста жарақат алып, бүгінде жұмыс істеуге қауқарсыз болып отырғаны да белгілі болды.

"Жолдасым қан диабетімен ауыратын, үш ай бұрын аяғын жарақаттап, содан бері әлі жұмысқа шыққан жоқ. Қазір Қазақстанда кішкентай қызыммен бірге. Ал мен Інжудің жанындамын", - деп ағынан жарылды анасы.

Елдің көмегіне зәру Інжуге мына реквизиттер арқылы қол ұшыңызды соза аласыз:

Qiwi кошелек нөмірі: +7 778 456 39 32

Kaspi gold: 5169 4931 1993 4001 (анасы)

GULNUR UALIKHANOVA ИНН: 890919401163

Халық Банк: 4390 8722 0841 4385 (анасы) GULNUR UALIKHANOVA

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
6
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel