RU

Мас күйде көлік жүргізгендер енді қатаң жазаланатын болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда бұдан былай көлікті мас күйде жүргізген үшін жаза күшейтіледі. Заңдағы жаңа өзгерістер жөнінде мәжілістің пленарлық отырысында бас прокуратура баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасай отырып.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бүгінгі таңда көлік жүргізушісі мас немесе сау күйде болсын, адамды қағып өлтіргені үшін жаза бірдей екенін, ары кетсе, бес-ақ жыл айырмашылық барын атап өтті.

"Енді, мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ", – деді Ахметжанов.

Сонымен қатар, ол осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптардың қайта татуласуына тыйым салынатынын жеткізді.

Айта кетейік, өзгерістердің барлығы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген.

Бүгін мәжіліс депутаттары осы құжатты бірінші оқылымда қарады.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті мас күйде жүргізгендерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мас күйде көлік жүргізгендер енді қатаң жазаланатын болады
Mailfire view pixel