Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанышпен қарайтындар болады": Оразалин жетістікке жетудің жолдарын айтты

Опубликовано:

Жастар жылын қорытындылаған ақтөбеліктер өңірдің үздіктерін марапаттады. "Jas Barys" форумына келген облыс әкімі жастарды еркін әңгімеге тартып, өз ойларымен бөлісті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қызғанышпен қарайтындар болады": Оразалин жетістікке жетудің жолдарын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Болашақты ойласаңыздар ақ пен қараны айыра алуларыңыз керек. Сіздер қазақтың балаларысыздар. Ата-бабабаларымыздың аңсаған тәуелсіздігі біздің заманымызға келді. Тәуелсіздікті алу оңайға түскен жоқ.

25-30 жылдың арасында не болғанын мүмкін сезбеген боларсыздар. Бір экономикалық формациядан екіншіге, бір саяси жүйеден екіншіге өту оңайға түспеді.

Кеңес дәуіріндегі экономика нарық талабына сай келмей қалды. Көптеген зауыттар жабылып, ауыршаруашылық жағдайына ауыр тиді. Жұмыссыздық пайда болып, әлеуметтік жағдай нашарлады.

Елбасының табанды саясатының арқасында бүгінгі күнге жеттік. Кәсіпкерлік пайда болып, инвестиция тартыла бастады. Жаңа өндіріс пайда болды.
Бәрі де саяси тұрақтылықпен келді. Сырттан келіп, ешкім бізге көмектескен жоқ. Қазір сіздердің ойларыңызды жүзеге асыруға толық мүмкіншілік бар", - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
"Қызғанышпен қарайтындар болады": Оразалин жетістікке жетудің жолдарын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әр жастың жетістігі елдің ертеңі екенін айтқан өңір басшысы жастарға көңілі толмай жүргендерге әзілмен жауап беретінін айтты.

"Қызғанышпен қарайтындар болады": Оразалин жетістікке жетудің жолдарын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Қазіргі жастар ештеңе білмейді, біз мықты болып едік дегендерге, үлкен мәселелерді шешіп бізге жақсы жағдай жасаған сіздерге үлкен рақмет, сонымен қатар біздерге жұмыс болсын деп тағы біршама шаруаны қалдырдыңыздар.

Біздерден кейін де болашақ ұрпаққа жұмыстар қалады. Өмір-арпалыс. Бір мәселе шешілсе, екінші мәселе туындайды. Бұл табиғи заңдылық.

"Қызғанышпен қарайтындар болады": Оразалин жетістікке жетудің жолдарын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Бүгінгі форумға да арнайы келіп, сіздердің орталарыңызда болғым келді. Сіздер үздіктердің үздігі атанған ел мақтанышысыздар.

Адам әртүрлі болады. Оқуда үлгере алмайтыны, тәртібі нашары, қызғанышпен қарайтыны, өзінің проблемасын біреуден көретіндер бар. Бес саусақтай бәрі де бірдей емес.

Әр жас ештеңеге қарамай үздік болуға ұмтылу керек. Өркениетке апаратын да, елімізді биікке көтеретін, қазақты қазақ қылатын да сіздерсіздер", - деді әкім.
"Қызғанышпен қарайтындар болады": Оразалин жетістікке жетудің жолдарын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Облыс басшысы 10 номинация бойынша үздік танылған жастарға диплом табыстап, 100 мың теңгеден ақшалай сыйлық берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828111-kyzganyspen-karajtyndar-bolady-orazalin-zetistikke-zetudi-zoldaryn-ajtty/

pixel