Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында өзеннен ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзеннен ер адамның денесін алып шықты. Қазіргі уақытта оның не себептен қаза болғаны анықталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, ер адамның мәйіті кеше, 19 қарашада Тельман ауылынан екі шақырым қашықтықтағы өзеннен табылған.

Қаза болған ер адамның 1954 жылы туғаны анықталды. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрап, қазіргі жыл мезгілінде мұздың бетінде жүрудің аса қауіпті екенін ескертті.

Олар күздің соңғы айынан қыстың алғашқы айына дейінгі аралықта мұз қабатының қалың болмайтынын атап өтті.

Бұл әсіресе, қыс мезгілінде балық аулауға әуестенетін адамдарға қатысты.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Қостанай облысы Жітіқара ауданында жантүршігерлік жағдай болды. Екі бала су қоймасындағы мұз астына түсіп кетіп, мерт болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үш бала әлі қата қоймаған мұз үстінде ойнап, тереңдігі екі метрді құрайтын су қоймасына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер балаларды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Аудандық орталық аурухана дәрігерлері 2014 және 2013 жылы туған балалардың өлімін тіркеді. Өлімнің алдын ала себебі аса қатты салқындау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1828120-akmola-oblysynda-zennen-er-adamny-mjiti-tabyldy/

pixel