Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауда жоғалған турист қызды іздеу жұмыстары: Туыстары сыйақы жариялады

Опубликовано:

Алматы тауларында жоғалған 26 жастағы Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel
Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel: Facebook

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағынының баспасөз қызметі қазіргі сәтте Әсел Панаргалиеваны іздестіру шаралары ешбір нәтиже бермегенін мәлім етті.

Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру шаралары белгіленген әрбір бағдарда кинологтар жұмыс жасауда. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Tengrinews.kz порталының ақпарынша, Әсел Панаргалиеваның туыстары ол туралы құтқарушыларға көмектесетін қандай да бір ақпарат бергендер үшін сыйақы жариялады.

Еске сала кетейік, іздеу операциясы осымен 11-ші күн жалғасуда.

ТЖК-нің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Ал 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

14 қарашада сағат 16:00-де тікұшақтық әуе эскадрильясы командирінің орынбасары Өміржан Асанғалиевтің басшылығымен, республикалық жедел-құтқару жасағынының құтқарушыларымен бірге ІІМ ТЖК-нің МИ-171 "Казавиаспас" тікұшағы "Боралдай" әуежайынан ұшып шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының келісі бағдары белгіленді: Боралдай әуежайы – Үлкен Алматы шыңы – Космостанса – Үлкен Алматы өзені – "Коммунальник" шыңы – Боралдай әуежайы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828128-sel-panargalievany-izdeu-zmystary-kyzdy-tuystary-syjaky-zarialady/

pixel