RU
"Барлық деректер тексеріледі": Бас прокуратура Кексель ісіне пікір білдірді

"Барлық деректер тексеріледі": Бас прокуратура Кексель ісіне пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс сағатында Арнайы прокурор қызметі басшысы Олеся Кексельдің ісіне қандай да бір түсінік беруден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олеся Кексель. Фото: time.kz

Олеся Кексель. Фото: time.kz

Оның сөзінше, бүгінде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында Олеся Кексельдің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

"Адамның бұл әрекеттері үшін кінәлі немесе кінәлі еместігін сот қана шеше алады. Барлық фактілер тексеріліп, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соңғы шешімді қабылдағаннан кейін барлық фактілер туралы сіздерге хабарланады", - деп Марат Ахметжанов журналистерге уәде берді.

Оның айтуынша, тіркеуге және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге жататын ресми жүгіну - сотқа дейінгі тергеудің себебі болып отыр.

Ол тергеудің құпиялылығын айтып істің егжей-тегжейін баяндаудан бас тартты.

"Тергеу барысын, тергеу қалай жүргізілді, мен бүгін ашып айта алмаймын, менің ойымша, ешқандай пікірсіз. Егер тергеуші қандай да бір нәтижені жариялауды қажет деп тапса, ол хабарлайды", - деді бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel