RU
Елімізде педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырыла ма

Елімізде педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырыла ма

Рассказать Вконтакте

Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жаза қатал болады. Бұл туралы парламент мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

"Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде де татуласу болмайды.

Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ. Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр", - деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, тек қана бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген.

"Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіретін болады. Мысалы, интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға қарсы қылмыстарды тәрбиеші жасырған болса, тиісті жауапкершілік ескерілген", - деді бас прокурордың орынбасары.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel