RU
Қызылорда облысында майор әйел пара алды деп күдіктелуде

Қызылорда облысында майор әйел пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің басшысы, полиция майорының пара алған сәті видеоға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады" деген күдікке ілінген майор әйелдің заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.

"Ол Өзбекстан Республикасының он бес азаматына көші-қон картасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты шешімді алдағы уақытта сот шығарады.

Айта кетсек, Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 800 мың теңге пара алды деп күдіктелген Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған еді.

Бас дәрігер үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel