RU
Жозе Моуринью "Тоттенхэм" клубының бас бапкері болды

Жозе Моуринью "Тоттенхэм" клубының бас бапкері болды

Рассказать Вконтакте

Португалиялық маман Жозе Моуринью ресми түрде Англияның "Тоттенхэм Хотспур" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы футбол клубының ресми сайтында мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Жозе Моуринью. Фото: Getty Images

Жозе Моуринью. Фото: Getty Images

Айта кетейік, 19 қарашада "Тоттенхэмнің" бас бапкері аргентиналық Маурисио Почеттино қызметінен кеткен болатын. Ол бұл команданы 2014 жылдан бері жаттықтырып келді. Бұған дейін де оның орнына Моуриньюның кандидатурасы қарастырылып жатқаны белгілі болған.

Португалиялық маманның ағылшын премьер-лигасының командаларымен бұдан бұрын да жұмыс істегенін айта кету керек. Ол екі рет лондондық "Челсидің" бас бапкері болып, олармен үш мәрте ел чемпионы атанған.

Ал соңғы рет Моуринью "Манчестер Юнайтед" командасын жаттықтырды. 2018 жылғы желтоқсанда манчестерлік клуб бас бапкермен келісім шартты үзді.

Содан бері әлемдік БАҚ өкілдері өзінің ерекше мінезімен танылған тәжірибелі португалиялық маманның келесі командасын болжаумен болды. Атап айтқанда, бұған дейін Моуриньюның германиялық "Бавариямен" 2020 жылға дейін шарт жасасуға ниетті екені хабарланды.

Ағымдағы маусымда "Тоттенхэм" футбол клубының біраз құлдырағаны байқалады. Олар 14 ұпаймен, турнир кестесінің 14-ші орнында тұр.

Әзірше ағылшын премьер-лигасында "Ливерпуль" көш бастап келеді. Бұл команда 12 матчта қоржынына 34 ұпай еншілеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel