RU
Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің Манзоровқа қатысты шағымын қанағаттандырмады

Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің Манзоровқа қатысты шағымын қанағаттандырмады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың үстінен қозғалған іске қатысты сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметтің Бас прокуратураға жасаған шағымы қанағаттандырылмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Бұл туралы мәжіліс сағатында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов хабарлады. Ол ведомство қабылдаған шешімінің жай-жапсарын баяндап, барлық әрекеттің заң аясында жасалуы тиіс екенін атап өтті.

"Процедура бар, ешкімнің позициясы ешкімді алаңдатпауы керек, заң бар", - деді Ахметжанов.

Ол аталған жағдайда қылмыстық құрамның бар-жоғы белгілі болғаннан кейін аяқталатын тергеу барысына әсер етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ Ахметжанов прокуратура тарапынан шенеунікке қарсы қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын жеткізді.

Бас прокурордың орынбасарының сөзінше, оларға берілген ақпараттарға сәйкес, берілген айғақтар заң бұзушылық жолымен алынған.

"Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер білдірген өтініш қанағаттандырылмады, прокуратура тарапынан қылмыстық қудалау тоқтатылды", - деді Ахметжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімі Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұдан кейін Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

28 қазанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, "тапсырыс" болғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдіріп, ешқандай "тапсырыс" болмағанын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel