RU
Жекпе-жекке хиджабпен шыққан ару қайтыс болды

Жекпе-жекке хиджабпен шыққан ару қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиялық 26 жастағы Саида Алетаха кикбоксингтен жекпе-жек кезінде басынан жарақат алып, қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Саида кикбоксингпен әуесқой деңгейде айналысқан. Алайда марқұм бұл спортқа асқан жауапкершілікпен қарапты.

Алайда оның кезекті жекпе-жегі қайғылы жағдаймен аяқталды.

16 қарашада тегі ирандық спортшы қыз Саутгемптонда ММА әуесқойлар турниріне қатысқан.

Ол жекпе-жек барысында ауыр соққы алып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Алайда келесі күні дәрігерлер ирандық спортшының өмірден өткенін хабарлаған. 

Саида Иранда дүниеге келген. Ол Ұлыбританияда спортпен шұғылданған. Марқұм хиджабты дайындықта кезінде, тіпті жекпе-жек кезінде де шешпейтін болыпты. 

Турнир ұйымдастырушылары қыздың туыстарына көңіл айтқан. Сондай-ақ олар қатысушылардың қауіпсіздігі үшін барлық шара қолданылғанын мәлімдеген.

Жергілікті полиция қызметкерлері қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel