RU
Шымкенттік бас дәрігердің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді

Шымкенттік бас дәрігердің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс сағатында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абылай Донбай. Фото: otyrar.kz

Абылай Донбай. Фото: otyrar.kz

Рашид Жақыповтың мәліметінше, ағзаларды заңсыз транспортациялады деген күдікке ілінген дәрігер қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Алайда қазіргі таңда бұл күдікті дәрігерге қатысты негізгі ақпарат. Қалған мәліметтер әзірге жарияланбайды.

Одан бөлек, журналистер Ішкі істер министрінің орынбасарынан Абылай Донбайдың ісі тағы бір трансплантолог Ғани Құттымұратовтың ісіне қатысы бар-жоғын айтуды сұрады. Алайда Жақыпов бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

Айта кетейік, күні кеше Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, бірінші санаттағы хирург Абылай Донбайдың ұсталғаны хабарланды.

Хирургқа екі қылмыстық бап бойынша айып тағылуда.

Белгілі трансплантолог, трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деп күдіктелуде. Сонымен қатар, ол адам ағзаларын заңсыз алды деген күдікке ілінген.

Абылай Донбайдың ұсталуына қатысты Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдіріп, оның уақытша ұстау изоляторында отырғанын растады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel