RU
Нұржан Керменбаев үшінші рет әке атануға дайындалып жатыр (фото)

Нұржан Керменбаев үшінші рет әке атануға дайындалып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Нұржан Керменбаев жақында үшінші рет сәбилі болмақ. Өнер иесі көпшілікке әйелі Назерке Керменбаеваның аяғы ауыр екенін хабарлап, қуанышты жаңалығымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев отбасы тағы бір перзентпен толығатынын өзінің Instagram парақшасында жария еткен.

Қуанышы қойнына сыймаған әке бұл жаңалықты ұзақ уақыт бойы құпия сақтай алмаған көрінеді.

Әнші аяғы ауыр жарымен арнайы фотосессия жасап, желі қолданушыларын қуантты.

Мұны байқаған оқырмандар өнер иесін жарыса құттықтап, оған ақ тілекетерін жаудырды.

"Құттықтаймын сіздерді, бақытты болыңыздар" , "Қыз болса екен" , "Екі батырдан кейін ерке қыз болса керемет болатын еді" , "Алла салиқалы, саналы, дені сау перзент нәсіп етсін" , "Үлгілі отбасы, сіздерді сондай жақсы көремін. Бар бақытқа лайықсыздар" , "Сәбилеріңіз көбейе берсін" , "Әйеліңіздің жүзі сондай жылы" , "Қыз бала бұйырсын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Нұржан Керменбаев жұбайы Нәзеркемен бүгінде екі ұлды тәрбилеп отыр. Жұбайлар 2014 жылы шаңырақ көтерген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel