RU
Германия экс-президентінің ұлы дәріс оқып жатқанда қаза болды

Германия экс-президентінің ұлы дәріс оқып жатқанда қаза болды

Рассказать Вконтакте

Германияның бұрынғы президенті Рихард фон Вайцзеккердің ұлы дәрігер Фриц фон Вайцзеккерге клиникада дәріс оқып жатқан кезінде шабуыл жасалды. Ол пышақ жарақаттарынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып.

Фото: trt.net

Фото: trt.net

RBB телерадиокомпаниясының мәліметінше, оқиға 19 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 18:50-де Берлиннің батысындағы Шарлоттенбург ауданында орналасқан Schlosspark-Klinik медициналық мекемесінде болған. Дәрігер дәріс оқып жатқан кезде белгісіз біреу оған пышақпен тап берген.

Полиция оқиға кезінде шараға қатысушылардың бірі шабуылшыға тойтарыс беремін деп, ауыр жарақат алғанын хабарлады. Ол қазір ауруханада жатыр.

Полиция күдіктіні ізін суытпай клиника аумағыда қолға түсірген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фриц фон Вайцзеккер 2005 жылдан бері Schlosspark-Klinik медициналық мекемесінің бас дәрігері болып табылады. Ол өмірінің соңғы сәтінде бауыр проблемаларына арналған дәріс оқып жатқан болатын.

Айта кетейік, марқұмның әкесі 1984 жылдан 1994 жылға дейін Германия президенті болған. Саясаткер 2015 жылы 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Ол 1985 жылғы 8 мамырда Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 40 жыл толуына орай жасаған баяндамасында фашистік Германияны қатты сынаған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel