RU
ММА-да өнер көрсететін қазақ қызы туралы не білеміз

ММА-да өнер көрсететін қазақ қызы туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

23 жастағы Аян Тұрсын ММА бойынша әлем чемпионатына қатысып, ел намысын қорғап жүрген қазақ қыздарының бірі. Ол таэквондо, ушу-сань, джиу-джитсу сынды спорт түрлерін жетік меңгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ el.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Қазақстанның ММА федерациясының баспасөз қызметі

Фото: Қазақстанның ММА федерациясының баспасөз қызметі

Алматыдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Олимпиадалық резревтегі спорт мектебінде тәлім алған Аян Тұрсын, өзінің спорттық мансабын таэквандодан бастаған.

Алайда аталмыш спорт түріне электронды жүйе енгелі бері, спортшы қыз басқа спорт түріне ауысуды жөн көреді.

"Ол спорт түріне электронды жүйе енгелі менің қызығушылығым су сепкендей басылды. Себебі, соққы адам денесіне тисе болды, ұпай беріледі. Шынайы спорттық эмоция жоғалып кеткен соң, бағымды ММА-дан сынап көрейін деп шештім", - дейді ол.

Сондай-ақ, Аян неге дәл мұндай спорт түрін таңдағанын және бұған не әсер еткенін де атап өтті.

"Бала кезімнен ұлдармен өстім. Көшеде де тек ұл балалармен ойнайтынмын. Алматыдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Олимпиадалық резревтегі спорт мектебінде оқыған да, аралас-құраласатын достарым тек ұлдар еді. Осыдан кейін мұндай жаужүрек жандарға арналған спорттан үрікпей, тез бой үйреткен шығармын", - деген ару өмірдегі басты мотиваторы деп анасын санайтынын айтты.
Фото Қазақстанның ММА федерациясының баспасөз қызметі

Фото Қазақстанның ММА федерациясының баспасөз қызметі

"Өмірдің өзі тұнған мотивация. Себебі, қиын сәттермен күресе жүріп, алға ұмтыласың. Сол кезде ғана жақсы марапаттарға лайықты болуымыз мүмкін. Еңбектенген адамға Алла да көмек қолын созады емес пе?
Жалпы, жеңіске жетсем де, жеңіліс тапсам да ойлайтыным – анам. Ол кісі бір күні маған "Әлем чемпионының анасы" болуды армандайтынын айтты. Бұдан асқан қандай мотивация керек?", - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Аянның сөзінше, бапкері Нұрлан Мамыраеливті ол екінші әкесі деп атап кеткен екен. Себебі ол қиын сәттерде бойжеткеннің жанынан табыла білген. Тіпті жаттығуға келіп жүргенде, қалтасында ақшасы болмағанда да, көмек қолын созған сол бапкері болса керек.

"Алғаш жаттығуға келіп жүргенімде қаржының жоқтығынан үйге жаяу қайтатын кездер де болған. Сол бір қиын шақтарда демеу болып, көмек қолын созды. Ол-ол ма, кейде қалтасындағы ақшасын екіге бөліп, көбін маған бере салатын, соның кесірінен өзі де үйіне жаяу тартыпты.
Ол кісі жаттығу кезінде қатаңдық танытқанымен, өмірде ең мейірімді жан. Маған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпаспын. Еңбегін тек жетістіктерім арқылы ақтайтынымды түсінемін", - дейді бойжеткен.
Фото Қазақстанның ММА федерациясының баспасөз қызметі

Фото Қазақстанның ММА федерациясының баспасөз қызметі

Спортшы ару сұхбат барысында тіпті жекпе-жекке жігіттермен шығуды ұнататынын да айтып қалды.

"Бала кезімнен ұлдармен ойнадым дедім ғой... Сондай ойын кезінде төбелестің де оты тұтанып кететін (күліп). Қыздарға ешқашан жұдырық сілтеп көрмеппін. Өздері нәзік болған соң ба, жаным қатты ашитын...

Ал жігіттермен жекпе-жек өткізген бөлек. Олармен "қатты ұрып қоямын, бір жерін зақымдаймын-ау" деген қорқынышсыз шын жүрегіңмен, бар күшіңді сала "шайқасасың". Ұлдар да солай жауап қайтарады. Шынын айтқанда, жігіттермен жаттыққан жақсырақ", - дейді бойжектен.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel