RU
"МЮ" футболшыларына Нұр-Сұлтандағы аязға байланысты ескерту жасалды

"МЮ" футболшыларына Нұр-Сұлтандағы аязға байланысты ескерту жасалды

Рассказать Вконтакте

Футболдан Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 5-ші туры аясында "Астана" өз алаңында Англияның "Манчестер Юнайтед" командасын қабылдайды. Осы орайда Нұр-Сұлтандағы ауа райына байланысты ағылшын клубының ойыншыларына матч қарсаңында ұзақ уақытқа көшеге шықпау туралы нұсқау берілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Манчестер Юнайтед". Фото: Twitter / ManUtd

"Манчестер Юнайтед". Фото: Twitter / ManUtd

Басылымның мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" футболшыларына Нұр-Сұлтанда қатты аяз болуына байланысты көшеге 10 минуттан артық уақытқа шықпауға кеңес берілген.

Матч болатын күні кешке астанада ауа температурасы минус 20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Еске сала кетейік, "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесу 28 қараша күні "Астана Арена" алаңында өтеді. Спорттық нысан бір уақытта 30 мың көрерменді қабылдай алады.

Ағылшын командасы Еуропа Лигасының көктемгі кезеңіне жолдама алып қойған. Олар 4 матчтың қорытындысы бойынша 10 ұпай жинап, L тобында көш бастап тұр. Ал "Астана" өкінішке орай, топтық кезеңде әлі бірде-бір ұпай еншілеген жоқ.

Бұған дейін Франция ұлттық құрамасы мен "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погба жарақатына байланысты "Астанамен" өтетін матчқа қатыспауы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Футболшы қазан айының басында тобығынан жарақат алған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel