RU
Әйелінің лотореясынан ұтыс шыққанын білген ер адам билетті алып қашып кетті (фото)

Әйелінің лотореясынан ұтыс шыққанын білген ер адам билетті алып қашып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Таиландтың Бангкок қаласында тұратын Порнтида Чамнанвет есімді келіншектің күйеуі ұтыс шыққан лоторея билетін алып қашып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Twitter/ThaigerNews

Фото: Twitter/ThaigerNews

23 жастағы келіншек 34 жастағы жолдасымен бірге жергілікті фабрикада еңбек етіп, бірнеше рет лоторея билеттерін сатып алған. Сөйтіп Порнтида таңдаған билеттің бірінен ұтыс шығады.

Бақытты жұптың 6 миллион батты (78 млн теңге шамасында) алып кетулері керек болады. Әйел тіпті шыққан ұтысты теңдей бөлісуге келіседі.

Сөйтіп ғашықтар жеңістерін полиция учаскесіне барып тіркеп, тіпті естелікке бірге суретке түседі.

Фото: Twitter/asiaonecom

Фото: Twitter/asiaonecom

Алайда мұндай сомадан басы айналған ер адам жұбайынан 4 миллион ақшаны талап етеді. Әйелі келіспеген соң ол ұтыс билетін алып, жалдамалы пәтерден қашып кетіпті.

Мұндай сатқындыққа шыдай алмаған қыз полицияға бірден арызданған. Егер оның ұтыс билетін заңсыз иемденгендігі дәлелденсе, жігіттің үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Алайда қашқын күйеу не бүлдіргенін, оның өтемі қандай боларын түсінсе керек, ұтыс билетін әйеліне қайтарып беріпті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel