RU
Желіде тараған видеоға қатысты "Аграрлық несие корпорациясында" тексеріс басталды

Желіде тараған видеоға қатысты "Аграрлық несие корпорациясында" тексеріс басталды

Рассказать Вконтакте

Желіде бас кейіпкері ретінде "Аграрлық несие корпорациясының" топ-менеджерінің бірі көрсетілген шулы видео тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: youtube.com

Кадрлар: youtube.com

Жарияланған видеоның кадрларына көңіл көтеретін орындардың бірі түсіп қалған. Онда ер адам алдымен үстел басында отырған әйелге әдепсіз сөздер айтып, артынша оны қорқыта бастайды.

Ал әйел болса, өз кезегінде ер адамнан өзін олай ұстамауын сұрайды. Сондай-ақ оқиға орнына күзетшіні шақырған тағы бір адамның дауысы естіледі.

Артынша басты кейіпкер ер адамға ауысып "Саған не керек?" деп сұрайды.

Бұл сұраққа ол "корпоративті адам сияқты атап өтейік" деген өтініш айтады.

"Отыр және балағат сөз айтпа. Бұл қыз ғой. Егер сөйлескің келсе, адамша сөйле", - дейді ер адам шу шығарған жігітке.

Осыдан кейін "басты кейіпкер" орнына қайта барады да, видео жазба үзіліп қалады.

Tengrinews.kz порталының ақпарынша, "Аграрлық несие корпорациясы" аталған роликте көргенін хабарлаған. Олар жазбаның кеңсенің сыртында әрі жұмыс уақытынан тыс жүргізілгенін айтқан.

Әзірге ұйым кадрдағы өздерінің қызметкерлері ме, жоқ па деген сауалға жуап беруден бас тартқан.

Қазір қызметтік тергеу жұмыстары басталған. Тексеріс аяқталған соң бәрі белгілі болмақ.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel