RU
"Оны ешқашан көрмегенмін": Путин Зеленскиймен қарым-қатынасы туралы айтты

"Оны ешқашан көрмегенмін": Путин Зеленскиймен қарым-қатынасы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович

Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович

Путиннің айтуынша, оның Украина басшысы Владимир Зеленскиймен ешқандай қарым-қатынасы жоқ. Телефон арқылы сөйлескендері болмаса, жеке өзімен таныс емес екен.

"Менің Зеленскиймен қарым-қатынасым қандай? Ешқандай! Мен оны ешқашан көрген жоқпын, мен онымен таныс емеспін, тек телефон арқылы сөйлескенбіз. Менің ойымша ол тартымды әрі шынайы адам", - деді Путин "Россия зовет!" форумы барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Елбасының пікірінше, біздің елдің аумағы бұл мәселеге қатысты нейтралды болып келеді.

Сол себепті, екі басшының бетпе-бет кездесіп, маңызды мәселелерді талқыға салуы үшін таптырмас мүмкіндік болмақ.

Оған қоса, Назарбаев аталмыш ұсынысты украиналық президентке жасағанын айтты. Ол өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш президентінің бастамасына келісімін берген.

Владимир Путин де Елбасының жасаған ұсынысына жауап берген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel