Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккей матчында мұзға туфлиін лақтырған бозбала жауапқа тартылды

Опубликовано:

"Астана" және "Ертіс" хоккей клубтары арасында қткен матч кезінде туфлиін мұзға лақтырған 16 жастағы жанкүйердің ата-анасына айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/sandyluak
Видеодан кадр: instagram.com/sandyluak: Instagram

Пранк жасамақ болған жасөспірімнің ата-анасына 5 АЕК (12,5 мың теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Жас жігіттің әрекеті бейнеленген видео Instagram желісінде жарияланған. Кадрларда бозбаланың "Тас-қайшы-қағаз" ойынынан ұтылып, аяқ киімін мұзға лаұтыруға мәжбүр болғаны көрінеді.

Кадрда лақтырған сәті анық көрінеді. Сондай-ақ хоккейшінің мұздан туфлиді көтеріп, оны трибунаға қайтарғанын да байқауға болады.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұзға аяқ киімін тастаған жігітті "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапкершілікке тартқан.

Оқиға Қазақстан чемпионатының ашылуы қарсаңында, "Ертіс-Астана" ойыны барысында болған.

Бұл жасөспірімнің атa-анасына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, жанкүйердің сәтсіз қалжыңынан кейін "Ертіс" хоккей клубына да 350 мың айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1828205-hokke-matcynda-mzga-tufliin-laktyrgan-bozbala-zauapka-tartyldy/

pixel