RU

Атырауда жергілікті тұрғын мен Ирландия азаматы төбелесіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау тұрғыны мен Ирландия азаматының арасында туындаған дау төбелеске ұласты. Оқиға қаладағы көңіл көтеретін орындардың бірінде қарашаның 15-нен 16-на қараған түні болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

35 жастағы қала тұрғыны 33 жастағы ирланд азаматын соққыға жыққан. "Ақ жайық" басылымының хабарлауынша, төбелеске қатысқан екі адам да мас болған. Аталмыш оқиға Атыраудағы Азаттық даңғылында орналасқан "Fresh&Go" кафесінде орын алған.

Алдымен ер адамдар арасында келіспеушілік болып, арты жұдырық жұмсауға апарған. Кафеде демалып отырған басқа да куәгерлер дереу полиция мен жедел жәрдемді шақырған.

Соққыға жығылған Ирландия азаматында мойын жарақаты анықталған, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартыпты. Оның ем алу үшін Дубайға ұшып кеткені хабарланды.

Атырау тұрғынын дене жарақатын тигізді деген күдікпен полиция қамауға алды.

Белгілі болғандай, зардап шегуші деп танылған Ирландия азаматы Пол Смиттің біздің елімізде тұрақты тұруға рұқсаты бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда жергілікті тұрғын мен Ирландия азаматы төбелесіп қалды
Mailfire view pixel