RU
ШҚО-да 14 жылдан бері іздеуде жүрген адам ұсталды

ШҚО-да 14 жылдан бері іздеуде жүрген адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғаушылар 2005 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген 43 жастағы қылмыскерді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

«Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер іздеуде жүрген ер адамды Ресей Федерациясы Кемерово қаласынан ұстады. Оған аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын», - делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сай, 1996 жылдың жазында күдікті бірнеше адамдардан құралған топпен сөз байласып, кісі өлтірген. Қылмыс барысында олар екі адамға пышақтап кеткен.

«Осы қылмыс 2004 жылы ашылып, аса ауыр қылмысты жасағандары үшін үш күдікті ер адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сол уақытта қылмыстық істің төртінші фигуранты Қазақстан аумағынан бой тасалап кеткен. Ол он төрт жыл бойы көрші мемлекетте жасырынған. Қазір осы күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», - деп хабарлады ведомство.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel